Ауыл тұрғындарының мүдделері басты назарда!

1 апреля 2019 - Администратор
Ауыл тұрғындарының мүдделері басты назарда!

 Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша Департаментінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру мақсатында Әулиекөл және Қарасу аудандарында болды. Сапар барысында Департамент өкілдері аудан орталығындағы және ауылдағы тұрғындармен, мемлекеттік қызметшілермен, дәрігерлермен, мектеп және колледж мұғалімдермен, колледж студенттерімен, халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерімен кездесу өткізіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы жүргізіліп жатқан іс-шаралар жайлы және бұл дертке қарсы бірге жұмыла іс-әрекет жасауға шақырды. 6 ауылдық округ қамтылған кездесуге шамамен 300 азамат қатысты.

Кездесу барысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған азаматтарға 60 мыңнан 250 мыңға дейінгі көлемде материалдық көтермелеу белгіленгендігін және сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болған жағдайда «жедел желі 1424» телефоны бойынша немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның - Қасымқанов көшесі, 34 мекенжайы бойынша көмекке жүгіне алатындығы түсіндірілді.

Бұдан басқа, мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы  оң өзгерістер жайлы түсіндірме жүргізіліп, қатысушылардың сұрақтарына жауаптар берілді.

Кездесу соңында қатысушылар аудан орталығымен шектелмей ауыл тұрғындарының да арнайы кездесуге мүмкіндік алғандығына өздерінің оң бағасын берді. 

Комментарии (1)
Мен # 7 апреля 2019 в 15:47 0
А причем тут Лисаковск, если статья про Ауликоль и Карасу?
Комментарии с нецензурными выражениями, оскорблениями, разжигающие межнациональную рознь, рекламой и т.д. строго запрещаются. Будьте вежливыми и сдержанными по отношению к авторам статей и другим комментаторам. Редакция не несет ответственности за содержание комментариев к статьям.
О нецензурных и т.п. комментариях cообщайте администратору по почте lisnov1@yandex.ru