«Бір шаңырақ астында»

14 мая 2021 - Администратор
«Бір шаңырақ астында»

 Әлемдегі барлық жараты-лыстарының ішіндегі ардақтысы, қадірлісі болып саналатын адамзатты ер және әйел қылып жаратты. Олардың арасында махаббат пен сүйіспеншілікті орнатып, бір-біріне сеніммен қарауды үйретті. Алайда, тірішілігіміз тек қуанышты, бақытты сәттерден ғана тұрмайды, ақ пен қара ылғи қатарласып жүреді. Өмірдің осындай кездерінде бір-бірлеріне тірек болуы үшін, жанашыр, жұбаныш болуы үшін ер мен әйелді жұп етіп жаратып, отбасы құруды бұйырды. Себебі, адам баласының қалыптасуы отбасынан басталады.

Бақытты отбасы дегенде ойымызға бірден бір шаңырақ астында тұратын, аралары тату адамдар елестейді. Қайратты әке мен сол шаңырақтың түтінін түтетіп отырған ана, жадыраған балалар шағын отан құрап, бір-біріне деген құрметпен, сыйластықпен өмір сүреді.

Бақытты отбасы болу оңай іс емес. Ол барлық отбасы мүшелері атсалысатын күрделі, қисыны көп еңбек. Сондықтан, бақытты отбасының өзіндік ережелері бар.

Біріншісі - сыйластық. Отбасы дейтін шағын отан - тек сыйластықпен ғана отан болып тұра алады. Отанасы отағасын сыйлап, сыпайы сөйлеп, бала-шағасына әкенің сөзі қаншалықты маңызды екенін үйрете білсе, әрдайым қамқор болып, шын ниетпен сыйласа, жолдасы да әйелін дәл солай сыйлап, оған әлемнің бар жақсысын беруге тырысады.

Екіншісі - сабырлық. Кімде-кім кішігірім кикілжіңдерге, күнделікті сынақтарға сабырлықпен қараса, міндетті түрде отбасының берекесін сақтай алады.

Үшіншісі - бірлік. Отбасымен бірге уақыт өткізіп, жанұяның әр мүшесінің қөңілің таба білу керек. Әр жанұя өзінің белгілі бір ережесін ұстанауы тиіс. Мысалы, аптасына бір-екі күнде барлық жұмыстарды қалдырып, уақытын тек қана жанұяға бөлу. Менің әкем әр сенбілік кешті бізбен өткізетін. Отбасымыздың барлық мүшелерімен бірге кешкі ас ішіп, әңгіме дүкен құрып, астан кейін міндетті түрде бірге фильм қарайтынбыз, немесе серуендеп шығатынбыз. Осы дәстүр бойымызға ерекше махаббат пен сүйіспеншілік сезімін ұялататын. Бірлікте, татулықта болып, кез-келген сұрақты жеке-дара шешпей, ақылдастық. Бұл әкем енгізген ең керемет дәстүр.

Қорыта айтқанда, отбасы мүшелерінің әрқайсысы өз міндеттерін орындай отырып, қандай жағдай болмасын, өз пайдасын емес, отбасының пайдасын ойлап, ынтамақтастық аясында үйлесімді өмір сүруі қажет. Бір шаңырақ астында берекені сақтау бір мүшенің емес, әрқайсының міндеті. Отбасында әркім өз орнында болса, ер адам өзінің басшылық, әйел бағынушылық міндеттерін дұрыс сақтаса, онымен қоса бір-бірлерінің ақылары адал болса, онда отбасы бақытты болары хақ. Сол үшін әркім өзіне жүктелген міндеттерін орындап тұру керек.

 

Жанел Нұрмағамбет.

А. Байтұрсынов атындағы ҚӨУ 2-курс студенті.

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Комментарии с нецензурными выражениями, оскорблениями, разжигающие межнациональную рознь, рекламой и т.д. строго запрещаются. Будьте вежливыми и сдержанными по отношению к авторам статей и другим комментаторам. Редакция не несет ответственности за содержание комментариев к статьям.
О нецензурных и т.п. комментариях cообщайте администратору по почте lisnov1@yandex.ru