Ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар

28 июля 2017 - Администратор

 Ұсақ бұзақылық – қоғамдық тәртіпке қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтардың ең көп тараған түрлерінің бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 434-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер ұсақ бұзақылық болып танылады. Көрсетілген әрекеттерді жасау он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады.

Лисаков қалалық сотымен 2017 жылдың 1 - жартыжылдығында бұл санатындағы 203 әкімшілік іс қаралып, олар бойынша 201 тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылған, оның ішінде 94 - не айыппұл салу, ал 107 тұлғаға әкiмшiлiк қамаққа алу жазасы тағайындалған.

Н. Сәрсенбаев,

Қостанай облысы

Лисаков қалалық сотының судьясы.

 

Комментарии (1)
Павлин # 30 июля 2017 в 12:38 0
Хоть перевод давайте
Комментарии с нецензурными выражениями, оскорблениями, разжигающие межнациональную рознь, рекламой и т.д. строго запрещаются. Будьте вежливыми и сдержанными по отношению к авторам статей и другим комментаторам. Редакция не несет ответственности за содержание комментариев к статьям.
О нецензурных и т.п. комментариях cообщайте администратору по почте lisnov1@yandex.ru