Благодарим за теплый прием

5 сентября 2018 - Администратор
Благодарим за теплый прием

  Отзывы гостей "Тын-Целина-2018"

ГУ «Отдел физической культуры и спорта акимата города Костаная» на финальные игры летней областной спартакиады Целина-2018 в городе Лисаковске выставил сборную команду Костаная по 15 видам спорта. Набрав 334 баллов, она в очередной раз заняла почетное I место.

XXXIII областная спартакиада прошла на должном уровне, хотелось бы поблагодарить акимат г. Лисаковска за высокий уровень организации мероприятия и профессионализм, а также жителей Лисаковска за теплый прием гостей. В целом соревнования были яркими и напряженными, а атмосфера - доброжелательной. Судейская бригада также отработала хорошо, все было честно и объективно.

Абзулинов Гумар Галинурович,

руководитель

ГУ «Отдел физической культуры

и спорта акимата города Костаная».

 

Өткен аптада Лисаков қаласында үш күн қатарынан облыстық «Тың-2018» спартакиадасы өткен болатын. Оның барысы мен қортындысы туралы газетіміздің өткен санында жазған болатынбыз. Тамыздың тамаша күндері өткен айтулы шаралардан алған әсерлерін жұртшылық әлі күнге дейін айтуда. Ал, біздің қонақтарымыз бұл туралы қандай пікірде? Біз, осы орайда жарысқа қатысқан аға буын мен жас буын өкілдерінен сұрастырып көрген едік.

Ғұмар Абзулинов, «Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ басшысы:

-  Қостанай қала-сының құрама командасы облыстық «Тың-2018» жазғы спартакиадасының Лисаков қаласында өткен ақтық ойынында спорттың 15 түрінен бақ сынасты. Спортшыларымыз жалпы командалық есеп қоржынына 334 ұпайларын жинап, кезекті құрметті бас жүлде, 1-орынды жеңіп алды. XXXIII облыстық спартакиадасы тиісті деңгейде өтті. Лисаков қаласының әкімдігіне іс-шараны жоғары деңгейде және кәсіби тұрғыда ұйымдастыра білгендеріне, сондай-ақ Лисаков қаласының тұрғындарына қонақжайлылық танытып, жылы қабылдағандарына алғысымды білдіремін. Жалпы алғанда, жарыс ашық-жарқын және қызу тартыста, игілікті қарым-қатынаста өтті. Жарыстың бас төрешілері спартакиаданың ережесіне сай әділ бағасын берді.

 

Талғат Еришев, Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық денешынықтыру және спорт бөлімі» ММ басшысы:

- Лисаков қала-сында өткен облыстық «Тың-2018» спартакиадасы тек жақсы көңіл күй және жаныңа сергектік пен ұмытылмас шақтармен бөлісетін әсерлер қалдырды. Спартакиада бағдарламалары, жергілікті және шақырылған әншілердің өнері өте керемет, әрі қызық болды. Мұндай жоғары деңгейде мереке жасаған ұйымдастырушыларға үлкен алғысымды жеткізсем деймін. Қос мерекені тамаша ортада, тың ойлармен және белсенділіктерімен жасаған ұйымдастырушылар мені өте қуантты. Маған өте ұнады! Жоғарыда аталған тұлғаларға аса құрметпен қараймын. Рудный қаласы спорттың 16 түрінен байрақты бәсекеде бақ сынасып, өз үлестеріне үш алтын және сегіз күміс жүлделерді салды. Әрине, біздің жыл сайын В. Ф. Галимзянова жаттықтыратын чемпион баскетболшыларымызды, жас бапкерлер Ж. Б. Нұрмахамбет пен Т. К. Ершебаевтардың еркін күресі және әйелдер күресіне қатысқан балуандары алтынан алқа таққанын ерекше атап өтуге тұрарлық. Дзюдо күресінен қыздар командасы, бапкерлері О. С. Ибрашев пен Б. Б. Шеденовтың шебер жаттығуларының арқасында тағы алтынды қанжығаларына қысты. Барлық тату командалар мен жаттықтырушылардың арқасында жалпы есеп бойынша, тек Қостанай қаласының командаларына жол беріп, екінші орынды жеңіп қайттық. Біздің спортшылар әлі де, талай белестерді бағындырады. Біздің сеніміміз мол! Тек қажырлы еңбек, талмай жаттығу қажет.

 

Бердыгужинова Жанель, Сарыкөл ауданы командасынан қатысқан спортшы:

- Жалпы еркін күреске қатысып жүргеніме көп уақыт бола қойған жоқ. Десе де, осы жарыстан чемпион атанып, облыстың құрамасында аймақтың намысын республикалық жарыстарда қорғағым келеді. Біздің команда 201 ұпай санымен 12-ші орынға табан тіреді. Не алды да, не артта емеспіз. Ортада келеміз. Жеңісіміз әлі алды. Маған бәрі ұнады. Лисаков жастарына салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылдануға барлық жағдай жасалған. Әр шағын аудандар мен мектеп маңындағы спорт алаңдары бар. Бұл мүмкіндікті жастар жібермейді деген ойдамын. Қалаларыңыз әрі қарай көркейіп, жетістіктерден көрінуін тілеймін!

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Комментарии с нецензурными выражениями, оскорблениями, разжигающие межнациональную рознь, рекламой и т.д. строго запрещаются. Будьте вежливыми и сдержанными по отношению к авторам статей и другим комментаторам. Редакция не несет ответственности за содержание комментариев к статьям.
О нецензурных и т.п. комментариях cообщайте администратору по почте lisnov1@yandex.ru