Копирайтер: жақсы мәтін жазуға көмектесетін кеңестер

10 июня 2021 - Администратор
Копирайтер: жақсы мәтін жазуға көмектесетін кеңестер

Копирайтер тек мәтін жазушы ғана емес. Ол тұтынушыларға пайдалы контент ұсынып, қалауын қанағаттандыруы тиіс. Одан бөлек білім беріп, оқырманның көңілін көтеруі де мүмкін. Жақсы контент магнит іспеттті. Ал клиенттердің компасы сізді нұсқайтын болады.

Маңыздыны жазу

Бастысы – адамдарды қызықтыратын тақырыпты таңдау. Бұл бәрін толғандыратын мәселе болуы мүмкін. Алайда оқырманды әлемдік проблема қызықтырмайды. Оған өзінің басынан өткен, күнделікті соқтығысатын мәселелердің шешімін іздеген маңызды. Демек сіз ізкесушінің қызметін атқарасыз. Маңызды тақырыпты іздеп, бәріне түсінікті тілде ұсынуыңыз керек.

 

Тақырыптан ауытқымау

Мәтін жазу барысында мың түрлі ой келеді. Барлығы тақырыпқа қатысты секілді. Егер бұларға ере берсеңіз, мәтіннің мәні жоғалады. Барынша тақырыптан ауытқымай, оны одан әрі дамыта түсіңіз. Мәтіндегі ойға қатысты мысалдар келтіріңіз.

 

Өзгелердің пікірін қосуды ұмытпаңыз

Мақала және ұсынып отырған контентті осы саланың маманының пікіріне сүйене отырып жазған жөн. Мұндай адамдардың ойын білу сіздің 5 минутыңызды алады. Телефонмен сөйлесіп немесе пошта арқылы хат алмасыңыз.

 

Сөзді аямау керек

Мәтінді жазу барысында барлығын толық қамтыңыз. Қарапайым тілмен, қысқа сөйлемдер арқылы егжей-тегжейлі баяндаңыз. Тақырып ашыла түсуі үшін суреттер мен инфографиканы да қосыңыз. Оқырман бір оқып не айтқыңыз келгенін түсінуі қажет.

 

«Los Angeles Times» газетінің маманы бұған қатысты былай пікір білдіреді: «Әр мақаланың басында негізгі ой баяндалады. Әрі қарай суреттердің көмегімен тақырып ашылады. Әр суреттің сипаттамасы болуы керек. Бұл оқырманның мақаланы соңына дейін оқуына септігін тигізеді».

 

Ашық әңгіме құру

Жақсы контент – тек ақпарат блогы емес. Бұл – әңгіме, сұхбат, сұрақ-жауап. Егер оқырман мәтінді оқи отырып, дәл өзіне айтылғанын сезінсе, онда жеңіске жеткеніңіз. Адамдармен байланыс орнатқыңыз келсе, олардың тілін табыңыз.

 

Мол ақпарат беру

Әр оқырман сіздің контентіңізден өзіне пайдалы ақпарат іздейді. Оларға қызықты мәліметтер мен деректерді дайындаңыз. Бұл үшін аудиторияны зерттеп алған жөн. Әр мәтінді жазбас бұрын өзіңізден «Менің оқырмандарыма қызықты бола ма?» деп сұраңыз.

Жанел Нұрмағамбет.

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Комментарии с нецензурными выражениями, оскорблениями, разжигающие межнациональную рознь, рекламой и т.д. строго запрещаются. Будьте вежливыми и сдержанными по отношению к авторам статей и другим комментаторам. Редакция не несет ответственности за содержание комментариев к статьям.
О нецензурных и т.п. комментариях cообщайте администратору по почте lisnov1@yandex.ru