Латын әліпбиінің болашағы зор

19 октября 2017 - Администратор

Латын әліпбиіне көшу көптің талқысына салынып, ойланып толғанып қолға алынып отырған мәселе екенін бәріміз білеміз. Латын бізге әлемдік мәдениетке жұртпен қатар енуіміз үшін қажет. Заман өзгеріп жатыр, уақыт өзгеріп жатыр, тарихтың талабы өзгеріп жатыр. Бізге де болашақ үшін ойлануға тура келеді. Сұлтанмахмұт Торайғыров өз заманында «Заманның өзгергенін сезбеудің өзі - надандық» деген болатын. Ендеше, біз неден тартынуымыз керек? Латын қарпі - интернет тілі, компьютер тілі, шетелдің тілін үйренуге де басты қадам жасауға болатын мүмкіндік. Демек біз жаңалық тілінде тең сөйлесуіміз керек. Бұл - өркениетке апарар жол. Меніңше, латынға көшсек, біздің тіліміздің өрісі кеңейеді, мәдениетіміз де ілгерілейді. Тілімізді үйренушілер қатары көбейеді. Латын әліпбиіне көшу - мәңгілік мәселе, ғасырлық жоба. Тек осы жолда қателеспей, тура жолға түсіп кетсек деген үміт сәулесі жүрекке қуаныш сезімін ұялатады.

Елбасымыз айтқандай, «дүние жүзінде ешқандай мемлекет өзінің әліпбиін халықпен ақылдасып, талқыға салып көрген жоқ. Бізге әр адамның пікірі маңызды». Қазақ әліпбиінің латын қарпінде жазылуы бойынша өз ойымды айтар болсам, алдыңғы нұсқаға қарағанда, осы әліпби көңілге қонымды. Өзімізге тән төл дыбыстарымызды қосарлы әріппен емес, қосымша белгі қою арқылы таңбаланғанын ұнаттым. Әлеуметтік желілерден бірқатар орынды пікірлерді оқып, қуанып қалдым. Әліпбидің негізгі жобасын елдің болашағына жан ашитын, тіл ғылымына, тіл саласына, тіл біліміне еңбегі сіңген ғалымдарымыз дайындап жатқанмен, негізінен оны пайдаланатын біздің балаларымыз, немерелеріміз, яғни кейінгі ұрпақтарымыз. Сондықтан бұл іске жастарды тарту керек деп ойлаймын, шетелден оқып келген жастар мен өз еліміздің оқу орындарын бітірген мамандарды да қазақ әліпбиін жетілдіру ісіне араластырған дұрыс.

Қорыта айтқанда, ұлттығымызды, дінімізді, ділімізді сақтап қалудың дұрыс жолы - латынға көшу.

 Әлия Өтеш,

 Лисаков қаласы әкімдігінің

 мәдениет және тілдерді

 

 дамыту бөлімі» ММ әдіскері.

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Комментарии с нецензурными выражениями, оскорблениями, разжигающие межнациональную рознь, рекламой и т.д. строго запрещаются. Будьте вежливыми и сдержанными по отношению к авторам статей и другим комментаторам. Редакция не несет ответственности за содержание комментариев к статьям.
О нецензурных и т.п. комментариях cообщайте администратору по почте lisnov1@yandex.ru