Латын әліпбиіне көшу - болашаққа батыл қадам

11 октября 2017 - Администратор

 Елінің болашағын ойлаған әр азамат, зиялы қауым өкілдері, әртүрлі мамандық иелері латын әліпбиіне қатысты өз көзқарастарын білдіруде, сондықтан мен де өз ойымды ортаға салып отырмын.

Елбасы кезекті Жолдауында латынға көшу жайлы былай деген еді: «Біз алдағы уақытта да мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы кешенді жобаларды жүзеге асыруды табандылықпен жалғастыра береміз. Қазақ алфавитін 2025 жылға қарай латын графикасына көшіруге дайындық жұмысын осы бастан қолға алу қажет. Бұл қазақ тілін жаңғыртып қана қоймай, оны осы заманғы ақпараттың тіліне айналдырады».

Латын әліпбиіне көшу - Елбасының тағы бір маңызды бастамаларының бірі. Болашаққа батыл қадам.

Экономикамыз тұрақты, еліміз қарқын дамып, демографиялық жағдайымыз жақсарып келеді. Сондықтан қазір латын әліпбиіне өтуге ең ыңғайлы кезең. Менің ойымша, латын әліпбиіне көшу бүгінгі қажеттіліктен туындап отыр. Латын әліпбиіне көшу арқылы қазақ тілі шын мәнінде мемлекеттік тілге айналады. Бұл - мемлекеттік тілге жасалып отырған реформа. Қазақша оқитын мектептер латыншаға көшеді. Орыс сыныптары қазақша өтетін пәндерді латынша оқиды. Сондай-ақ қазіргі инновациялар мен технологиялардың негізгі тілі - латынша. Мысалы, қытайдың өз иероглифтері бар, бірақ IT, компьютерлік бағдарламаларын латынша жасайды. Жапон мен кәрістер де солай. Яғни бағдарламалау, кодтау, ғаламтор арқылы байланыстың тілі негізінен латынша. Сарапшылардың айтуына қарағанда, енді 20 жылдан кейін жағдай түбегейлі өзгереді. Соған ілесуіміз керек. Шаң қауып артта қала беруге болмайды. Дамыған елдердің алдыңғы қатарынан көріну үшін осындай қадамдарға батыл баруымыз қажет.

А. Ахметкалиева,

«Лисаков қаласы әкімдігінің

білім бөлімі» ММ әдіскері.

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Комментарии с нецензурными выражениями, оскорблениями, разжигающие межнациональную рознь, рекламой и т.д. строго запрещаются. Будьте вежливыми и сдержанными по отношению к авторам статей и другим комментаторам. Редакция не несет ответственности за содержание комментариев к статьям.
О нецензурных и т.п. комментариях cообщайте администратору по почте lisnov1@yandex.ru