ДКРЕМ по Костанайской области снизил тарифы субъектов-монополистов на сумму более 533 млн. тенге
Қостанай облысы бойынша ТМРКД-ы монополист-субъектілердің тарифтерін 533 млн. теңгеден астам сомаға төмендетті
Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынуға қатысты табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін мемлекеттік реттеуді және мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
Реттеліп көрсетілетін қызметтерге табиғи монополиялар субъектілерінің мынадай қызметтері, атап айтқанда жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру, газ тасымалдау, кірме жолдар, электр энергиясын беру жатады.
Сондай-ақ, ТМРКД-ы жыл сайын тарифтік сметалар баптарының орындалуына және инвестициялық бағдарламалар іс-шараларының іске асырылуына талдау жүргізеді.
Тарифтік сметаның орындалуы туралы есепті талдау шығындар баптарының нақты деректерін бұрын бекітілген мәндермен және субъект өткен кезеңде ұсынған растайтын құжаттармен салыстыруды көздейді.
2021 жылы Қостанай облысы бойынша ТМРКД-ға бекітілген тарифтік сметалардың орындалуы туралы 199 есеп және бекітілген инвестициялық бағдарламалардың орындалуы туралы 30 есеп келіп түсті.
Субъектілер 2020 жылы ұсынған есептерді талдау қорытындылары бойынша, тарифтік сметалар шығындарының баптарының, сондай-ақ инвестициялық бағдарламалар іс-шараларының орындалмауы анықталды, бұл уақытша өтемдік (төмендету) тарифті енгізу үшін негіз болып табылады.
Реттелетін қызметтер бойынша 2021 жылы төмендеудің жалпы сомасы 533,1 млн.теңгені құрады.
Осылайша, Қостанай облысы бойынша ТМРКД бұйрықтарымен 73 реттелетін қызмет бойынша, оның ішінде мынадай салалар бойынша 63 субъектіге уақытша өтемдік (төмендетілген) тарифтер енгізілді:
- сумен жабдықтау: 18 субъекті бойынша 172 млн. теңге сомаға немесе қолданыстағы тарифтерден орташа есеппен 31,21%-ға;
- су бұру: 5 субъект бойынша 31,5 млн. теңге сомасына немесе орта есеппен 18,55% - ға;
- жылумен жабдықтау: 15 субъект бойынша 310,2 млн. теңге сомасына немесе орта есеппен 24,20%-ға;
- электр энергиясын беру: 4 субъект бойынша 13,3 млн. теңге немесе орта есеппен 13,51%-ға;
- кірме жолдарды беру: 13 субъектіге 6,1 млн.теңге сомасына немесе орта есеппен 24,35% - ға.
Тарифтерді төмендеткен табиғи монополиялар субъектілері туралы ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің сайтынан, сондай-ақ департаменттің facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасынан білуге болады.
Қостанай облысы бойынша ТМРКД-ы әрқашан тұтынушылар мен табиғи монополиялар субъектілері мүдделерінің теңгеріміне қол жеткізуді, сондай-ақ табиғи монополиялар салаларындағы қызметті мемлекеттік реттеу рәсімдерінің жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз етуді басшылыққа алады.
Сіздің құқықтарыңыз бұзылған жағдайда тұтынушылар оларды қорғау мақсатында, Қостанай облысы бойынша ТМРКД-ға жүгіне алатынын қосымша хабарлаймыз.
Байланыс телефондары: 8 7142 54-11-52, 53-52-40.
Департамент Комитета по регулированию естественных монополий по Костанайской области осуществляет государственное регулирование деятельности и государственный контроль субъектов естественных монополий в отношении предоставления регулируемых услуг.
К регулируемым услугам отнесены следующие услуги субъектов естественных монополий, а именно теплоснабжение, водоснабжение, водоотведение, транспортировка газа, подъездные пути, передачи электрической энергии.
Также ДКРЕМ ежегодно проводит анализ исполнения статей тарифных смет и реализации мероприятий инвестиционных программ.
Анализ отчета об исполнении тарифной сметы предусматривает сопоставление фактических данных статей затрат с ранее утвержденными значениями, и представленных субъектом за предыдущий период подтверждающих документов.
В 2021 году в ДКРЕМ по Костанайской области поступило 199 отчетов об исполнении утвержденных тарифных смет и 30 отчетов об исполнении утвержденных инвестиционных программ.
По итогам анализа отчетов представленных субъектами за 2020 год выявлено неисполнение статей затрат тарифных смет, а также мероприятий инвестиционных программ, что является основанием для введения временного компенсирующего (снижение) тарифа.
Общая сумма снижения в 2021 году по регулируемым услугам составила 533,1 млн. тенге.
Таким образом, приказами ДКРЕМ по Костанайской области введены временные компенсирующие (снижены) тарифы 63 субъектам по 73 регулируемым услугам, в том числе по следующим сферам:
- водоснабжение по 18 субъектам на сумму 172 млн. тенге или в среднем от действующих тарифов на 31,21%;
- водоотведение по 5 субъектам на сумму 31,5 млн. тенге или в среднем на 18,55%;
- теплоснабжение по 15 субъектам на сумму 310,2 млн. тенге или в среднем на 24,20%;
- передаче электрической энергии по 4 субъектам на сумму 13,3 млн. тенге или в среднем на 13,51%;
- предоставления подъездных путей по 13 субъектам на сумму 6,1 млн. тенге или в среднем на 24,35%.
О субъектах естественных монополий, которым снижены тарифы, можно узнать на сайте Комитета по регулированию естественных монополий МНЭ РК, а также на официальной странице в социальной сети facebook Департамента.
ДКРЕМ по Костанайской области всегда руководствуется достижением баланса интересов потребителей и субъектов естественных монополий, а также обеспечением гласности и прозрачности процедур государственного регулирования деятельности в сферах естественных монополий.
Дополнительно сообщаем, что в случае нарушения ваших прав, потребители в целях их защиты могут обратиться в ДКРЕМ по Костанайской области.
Контактные телефоны: 8 7142 54-11-52, 53-52-40
Нет комментариев. Ваш будет первым!