Ағымдағы жыда сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық фактілері туралы ақпарат үшін алты азаматқа 2,5 миллион теңге төленді
Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Данияр Смағұлов «Антикор» орталығы алаңында өткен онлайн-брифинг барысында мәлімдеді.
"Өздеріңіз білетіндей, Департамент сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдескен адамдарды көтермелеу қағидаларын іске асыруда. Осы жылы Департаментке 6 адам жүгінді, олар жалпы сомасы шамамен 2,5 млн. теңгеге ынталандырылды" - деді спикер брифинг барысында.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың соңында Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу қағидаларына түзетулер енгізілген болатын.
ЭЫДҰ елдерінің тәжірибесі бойынша сыйақы сомасы сараланған болды. Енді пара немесе келтірілген залал сомасы 1000 АЕК-тен асатын сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық туралы хабарлағаны үшін сыйақы көрсетілген соманың 10 пайызын құрайды, бірақ 4000 АЕК-тен аспайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілінің айтуынша, сыбайлас жемқорлық қылмыстарын анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу бойынша ақпарат бергені үшін қаржылық ынталандыру мөлшерін ұлғайту халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі азаматтық ұстанымын жандандыруға бағытталған.
2,5 миллиона выплатил Антикор
шести гражданам в текущем году за информацию
о фактах коррупционных правонарушений
Об этом сообщил первый заместитель руководителя Департамента Агентства по противодействию коррупции по Костанайской области Данияр Смагулов в ходе состоявшегося на площадке Антикор центра онлайн-брифинга.
"Как вы знаете, Департаментом реализуются Правила поощрения лиц, сообщивших о факте коррупционного правонарушения или иным образом оказывающих содействие в противодействии коррупции. В этом году в Департамент обратилось 6 человек, которые получили грамоты и поощрены на общую сумму порядка 2,5 млн. тенге" - рассказал спикер в ходе мероприятия.
Напомним, что в конце прошлого года Постановлением Правительства Республики Казахстан приняты поправки в Правила поощрения лиц, сообщивших о факте коррупционного правонарушения или иным образом оказывающих содействие в противодействии коррупции. По опыту стран ОЭСР сумма вознаграждения стала дифференцированной. Теперь за сообщение о коррупционном правонарушении, по которому сумма взятки или причиненного ущерба превышает 1000 МРП, вознаграждение составляет 10 процентов от указанной суммы, но не более 4000 МРП.
По словам представителя Антикоррупционной службы, увеличение размера финансового стимулирования за предоставление информации или иным образом оказанное содействие по выявлению, пресечению, раскрытию и расследованию коррупционных преступлений направлено на активизацию гражданской позиции населения в борьбе с коррупцией.